Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Өскемен тұрғындарымен кездесті

698

Ведомство басшысы азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Өскемен тұрғындарымен кездесті

Кездесу басында Марат Ахметжанов өскемендіктерге ішкі істер органдарының жұмысы мен криминогендік жағдай туралы баяндады.

"1 қыркүйекте Президенттің Жолдауы жарияланды. Онда біздің қоғамды алаңдататын бірқатар маңызды мәселелер көрсетілген. Тәуелсіздік алған жылдары бір жылда шамамен екі жарым мыңнан астам адам өлтіру фактісі тіркелетін. Соңғы 5 жыл ішінде бұл 700-800-ге дейін төмендеді. Халық саны 3,5 млн-ға өсті, бірақ кісі өлтіру, қарақшылық, зорлау, тонау және бұзақылық азайып келеді. Бүгінде дамыған әлеуметтік желілердің арқасында біз Өскеменде бола отырып, Жаркентте немесе Шымкентте не болып жатқанын көріп, біле аламыз. Яғни кейбір қылмыстық құқықбұзушылық, белгілі бір оқиғалар бірден көпшілікке белгілі болып, тарап жатады. Кейде осындай ақпараттық фонға байланысты күн сайын бір нәрсе жасалып жатқандай сезім пайда болады. Шынында қылмыстар саны азаюда, бірақ бұл бізді тоқтатпауы керек. Криминогендік жағдай бақылауда. Әлі де атқарылар жұмыс көп", – деді Марат Ахметжанов.

Министр Мемлекет басшысының бастамасымен елде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға егжей-тегжейлі тоқталды.

"Шығыс Қазақстан облысына халықпен кездесіп, пікір алмасу үшін келдік. Білесіздер, бүгін жаңа Қазақстанның, әділ Қазақстанның қалыптасу процесі жүріп жатыр. Сонымен қатар біз сіздермен кері байланыс орнатқымыз келеді. Дәл осы аймақтың халқын не алаңдатады? Қандай өзекті мәселелер бар? Мен, әрине, түсіндіріп, көмектесуге тырысамын. Бүгінде мемлекет тарапынан үлкен жұмыстар атқарылуда. Қылмыстық сот ісін жүргізуде ғана емес, басқа да салаларда реформалау жүзеге асырылуда", – деп атап өтті ІІМ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу