Ішкі істер министрі Президентке қаңтар оқиғасын тергеу қалай жүріп жатқанын баяндады

885

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі криминогендік ахуал, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде жасалған қылмыстарды тергеу ісі, кінәлілерді анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорда.

Ішкі істер министрі Президентке қаңтар оқиғасын тергеу қалай жүріп жатқанын баяндады

Президентке ұсынылған мәліметке сәйкес қазіргі уақытта 2 988 қылмыстық іс қаралуда, 188 іс бойынша айыпталу актісі шыққан, оның 166-сы сотқа жіберілген.

Сонымен қатар тоналған қаруды заңсыз айналымнан қайтарып алу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Мемлекет басшысына ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді.

Соның ішінде полиция жұмысын бағалау жүйесін қайта қарау, бюрократияны жою, сотқа дейінгі іс жүргізу процесін оңтайландыру, сондай-ақ заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту шаралары туралы айтылды.

Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудағы жаңа тәсілдер, мамандармен жұмыс істеудің тиімділігін арттыру, цифрландыру есебінен меритократия қағидаттарын және процесстердің ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде баяндады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту, құқықтық тәртіпті және сотталғандар отыратын жәйді жақсарту және оларды қайта әлеуметтендіру жөнінде ақпарат берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент министрге еліміздегі құқықтық тәртіптің деңгейін одан әрі арттыру, ішкі істер органдарының қызметін сервистік модельге өткізу бойынша бірқатар тапсырма берді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу