Ішкі істер министрі жеке бақылап отыр

930

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев учаскелік полиция қызметінің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға басымдық беріліп жатқанын жариялады.

Ішкі істер министрі жеке бақылап отыр

Алдағы 5 жылда жыл сайын 78 учаскелік полиция пункті салынады, деп хабарлады inbusiness.kz.

"Министр өңірлердің әкімдерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұдан былай учаскелік пункттердің орналасуына ерекше назар аударылады, - деді Мұрат Баймұқашев. 

Оның сөзінше, учаскелік полиция пункттері тым шалғай орналасқан.

"Көбінесе бұл қашықтық 2 немесе одан да көп шақырымды құрайды. Салдарынан азаматтар учаскелік инспекторға жеке бару мүмкіндігінен айырылады. Қазір учаскелік инспекторлардың орналасу орындарын қызмет көрсетілетін учаскелерге барынша жақындату мәселесін пысықтап жатырмыз. Учаскелік полиция инспекторлары жұмысының тиімділігін арттыру үшін ішкі істер министрлігі барлық жағдайды жасап жатыр. Бұл істі ішкі істер министрі жеке бақылап отыр, - деді Мұрат Баймұқашев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу