Ішкі істер министрінің орынбасары Хасан жайлы айтты

938

Атышулы Хасан Қасымбаев ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталған. 

Ішкі істер министрінің орынбасары Хасан жайлы айтты Фото: Үкімет

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жақында қамауға алынған Хасан Қасымбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазір сол жерде біздің бір топ қызметкер жұмыс істеп жатыр. Мен бұл тақырыпты егжей-тегжейлі зерттемедім. Сондықтан оны тиісті басқармаға бағыттаған жөн. Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғаннан кейін, олар өзінің жауабын береді",  – деді И. Лепеха.

Сондай-ақ, ведомство өкілі бұл іске полиция қызметкерлерінің қатысы бар-жоғын айтты.

"Біздің қызметкерлерге қатысты мәселе қаралып жатқан жоқ. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты ол (Х. Қасымбаев) ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Барлық процессуалдық әрекеттерді біздің қызметкерлер бірінші кезеңде орындады",  – деді министрдің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу