Ішкі істер министрінің Польшаға қызметтік сапары аяқталды

1044

Ішкі істер министрінің Польшаға қызметтік сапары аяқталды

Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов бастаған Қазақстан ІІМ-нің делегациясының Варшава қаласына (Польша Республикасы) қызметтік сапары аяқталды. Сапар барысында Қалмұханбет Қасымов Польша Республикасының әкімшілігі және ішкі істер министрі Иоахим Брудзинскиймен кездесті, деп хабарлайды ІІМ баспасөз орталығы.
Кездесу барысында қылмысқа қарсы күрес саласындағы қазақстан-поляк ынтымақтастығының және жағдайы мен перспективасы талқыланды.
Сонымен қатар Варшава қаласы мэрінің бірінші орынбасарымен және Варшава қаласының муниципиалдық полициясының бас комендантымен кездесу өткізіліп, оның барысында астаналық мэрліктің құрылымдық бөлінісі болып табылатын муниципиалдық (жергілікті) полицияның қызмет мәселелері қарастырылды.    
Польша полициясының бірінші орынбасары А.Шимчикпен, сондай-ақ шекара қызметінің бас коменданты Т.Прагамен кездесу шеңберінде Польша полициясы бас комендатурасының терроризмге қарсы жедел топты аралады және 2016 жылы қол қойылған келісімге сәйкес адамдарды реадмиссиялауды жүзеге асыруда одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.   
Делегацияны босқындарға арналған қабылдау орталығының қызметімен (Дембак қаласы) таныстырды, онда реадмиссиясын күткен шетелдік азаматтар мен босқындар ұсталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу