Ішкі істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

787

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz  Ақорда сайтына сілтеме жасап.  

Ішкі істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды

Руслан Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысы Қаскелең қаласында туған.

И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери училищесін (1987), М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияны (1996), Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штаб әскери академиясының жоғары академиялық курсын (2004) бітірген.

Әскери училищеден кейін мотоатқыштар және барлау взводының, ротасының командирі, Алматы қаласы әскери бөлім барлаушыларының бастығы болды.

2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскері қолбасшысының бірінші орынбасары, Ішкі әскер бас штабының басшысы болды.

Ол 2008 жылғы 4 қыркүйектен бүгінге дейін Ішкі істер министрлігі ішкі әскерінің қолбасшысы қызметін атқарған.

2014 жылы сәуірде ҚР Ұлттық ұланының бас қолбасшысы болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу