Ішкі істер министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

1092

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов министрліктің басшы құрамына ведомство аппаратының жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды Фото: polisia.kz

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы лауазымына полиция генерал-майоры Бекиев Оңал Ботайұлы тағайындалды. 

Оңал Бекиев Алматы облысының Ішкі істер департаменті, ІІМ Кадр саясаты департаменті, Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 

Ал 2019 жылдың қазан айында Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған.

Ведомство басшысы Министрлік аппаратының жаңа басшысының әртүрлі жауапты лауазымдардағы үлкен жұмыс тәжірибесін, сондай-ақ оның жоғары кәсібилігін атап өтіп, жаңа жұмыс орнында табыс тіледі. 

ІІМ басшысы министрліктің қызметтерін үйлестірудің, ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етудің, ведомствода жаңа тәсілдер мен жүйеішілік өзгерістерді әзірлеудің маңыздылығын атап өтті. 

Марат Ахметжанов сонымен қатар Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының жаңадан тағайындалған орынбасары Дәурен Өтебаевты таныстырды. 

Министр бастықтың жаңа орынбасары аумақтық бөлімшенің жұмысын жақсы білетінін, қарапайым тергеушіден аудандық Полиция басқармасының басшысына дейінгі барлық сатылардан өткенін атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының ІІМ алдына қойған қылмыстың қуатты тосқауылы, құқық тәртібі мен қауіпсіздікті тиімді қамтамасыз ету, Алматы қаласында азаматтар мен олардың мүлкін қорғау жөніндегі бірінші кезектегі міндеттерін белгіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу