Ішкі істер министрлігі қолданысқа "шериф моделін" енгізбекші

1049

Патрульдік полицияға жаңа міндет жүктеледі. 

Ішкі істер министрлігі қолданысқа  "шериф моделін" енгізбекші

Ішкі істер министрлігі кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков еліміздің құқық қорғау жүйесінде шериф қызметі пайда болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

"Біз АҚШ, Ұлыбритания, Канада мемлекеттерінде кеңінен тараған шериф моделін енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз", – деді ол.

Айдар Сайтбековтың сөзінше,шериф – әкімшілік-соттық лауазым. АҚШ-та шериф округтық полицияның басшылығында тұрады. Ал Ұлыбританияда графтықтардағы үкіметтің негізгі өкілі саналады.

ІІМ өкілінің айтуынша, болашақта "аттам жердегі полиция" қағидаты енгізіледі. 

"ІІМ қылмыстың көп тіркелуі бойынша елді мекендерге талдау жүргізіп, патрульдік полиция қызметкерлерінің бағдарын өзгертеді", – деді Айдар Сайтбеков.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу