Ішкі істер министрлігі көлік тізгіндеген жүргізушілерге үндеу жасады

401

Ауа райының қолайсыздығы көлік қозғалысына қалай әсер етеді?

Ішкі істер министрлігі көлік тізгіндеген жүргізушілерге үндеу жасады Фото: Астана әкімдігі

Ішкі істер министрлігі жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Құрметті жол жүрісіне қатысушылар! Күздің басталуымен ұсақ жол-көлік оқиғаларының болу қаупі артады. Ауа-райының өзгеруі жол жүрісіне қатысушылар үшін қолайсыздық тудырады. Жаңбыр көрінуді азайтып, дөңгелектердің сырғанауына әкелуі мүмкін. Жиналған судың кесірінен асфальттағы кедір-бұдырлар мен шұңқырлар көрінбей, жол қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. Осыған байланысты жүргізушілерді мұқият болуға шақырамыз. Қараңғы уақытта жарық құрылғыларының дұрыстығын қадағалап, жарықтандырылған жолдарды таңдаңыз. Кенеттен кедергілер пайда болған кезде тоқтауға мүмкіндік беретін жылдамдықты таңдаңыз. Күзде температураның өзгеруіне байланысты жолда, әсіресе көпірлер мен өткелдерде мұз пайда болуы мүмкін. Жолға баса назар аударыңыз, көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланбаңыз және көлік басқарудан алаңдататын әрекеттерден аулақ болыңыз. Жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін және қашықтықты сақтаңыз, жылдам жүріс пен басып озудан аулақ болыңыз, жаяу жүргіншілерді назардан тыс қалдырмай, айналаңыздағы жол жағдайын бақылауда ұстаңыз. Автокөлік иелеріне ауа-райының өзгеруін мұқият қадағалап, нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеу ұсынылады. Жаяу жүргіншілер ауа-райының қолайсыздығымен автокөліктің тез тоқтай алмайтынын есте ұстауы керек. Көшеден өтпес бұрын сізге жол бергеніне көз жеткізіңіз, содан кейін ғана жүрісті жалғастырыңыз. Ішкі істер органдарының жеке құрамына қиын жағдайға тап болғандардың барлығына көмек көрсету тапсырылды. Баршаңызға қауіпсіз жол тілейміз! – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу