Ішкі істер министрлігі қызметке қабылдау процесіне жасанды интеллект енгізеді

158

Жасанды интеллект процестің ашықтығын, тиімділігін және сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Ішкі істер министрлігі қызметке қабылдау процесіне жасанды интеллект енгізеді Фото: polisia.kz

Министрлікте Trust Education Company компаниясының өкілі, TrustExam.ai инновациялық платформасының әзірлеушісі Нұрали Сарбақышпен кездесу өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты дамыту және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою жөнінде ортақ ниет білдірді.

Ішкі істер министрлігі мен Trust Education Company арасындағы әріптестік кадрларды іріктеу жүйесіне интеллектуалды технологияларды енгізудің жаңа мүмкіндіктерін ұсынып, процестің ашықтығын, тиімділігін және сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу