Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің саны 11%-ға қысқарды

1348

Ішкі істер органдарының 106 артық басқару буыны мен 1 483 басшылық лауазымы жойылды. Бұл іс ұйымдық-штаттық құрылымды оңтайландыру аясында атқарылды. Мәжілістегі үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің саны 11%-ға қысқарды

"2019 жылдың басынан бастап министрлік Ішкі істер органдарын жаңғыртуға кірісті. Реформаның негізгі құралы үкімет бекіткен 9 негізгі бағыттан тұратын Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы болды. Іс барысында 106 артық басқару буыны мен 1 483 басшылық лауазым жойылды. Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің саны 11%-ға қысқартылды. Полиция қызметкерлерінің саны 100 мың тұрғынға шаққандағы 471 қызметкерден 372 қызметкерге дейін төмендеді", – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Бұдан кейін министр Жол-патрульдік полициясы патрульдік полиция болып қайта құрылғанын және саптық бөліністердің сержанттық лауазымын офицерлік лауазымға кезең-кезеңмен ауыстыру аяқталғанын айтты.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу