Ішкі істер министрлігі Садықовты атты деген күдіктілерге қатысты түсінік берді

272

Биыл 22 маусымда Қазақстанның Бас прокуратурасы Киевте Айдос Садықовты атып кетті деп айыпталған күдіктілердің біреуі (Алтай Жақанбаев) қамалғанын хабарлады. 

Ішкі істер министрлігі Садықовты атты деген күдіктілерге қатысты түсінік берді Фото: ustinka.kz

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Киевте Айдос Садықовқа қастандық жасады деген күдікпен ұсталған А. Жақанбаевқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер ІІМ өкілінен "күдікті Жақанбаев тергеу органдарына өзі берілді ме?" деп сұрады.

Өз кезегінде М. Қожаев күдікті Қазақстанның ішкі істер органдарына өз бетінше хабарласқанын айтты.

"Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Арнайы прокурорлар осы іспен айналысып отыр. Ішкі істер министрлігі қазір жедел іздестіру қызметімен айналысып жатыр", - деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.

Сонымен қатар ол екінші күдікті Мейрам Қаратаевты іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын нақтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу