Ішкі істер министрлігінде күзет қызметін бақылайтын комитет құрылды

82

Жаңадан құрылған комитет мемлекеттік күзет саласында еліміздегі 19 мемлекеттік мекемеге уәкілетті орган болып бекітілді. 

Ішкі істер министрлігінде күзет қызметін бақылайтын комитет құрылды Фото: polisia.kz

Елімізде Күзет қызметін бақылайтын арнайы мемлекеттік орган құрылды. Тиісті шешім ҚР Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы қаулысына сай қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті құрылсын, – деп жазылған құжатта.

Сонымен қатар "ҚР Ішкі істер министрлігі Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы (Астана қаласы)" мемлекеттік мекемесі таратылды.

Ал жаңадан құрылған комитет мемлекеттік мекемелерді күзету қызметін басқаратын уәкілетті орган болып айқындалды.

Демек, енді Ішкі істер министрлігіне мынадай ведомстволар қарайды:

• ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті

• ҚР ІІМ Ұлттық ұланы

• ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті

• ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті

• ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

• ҚР ІІМ Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитеті

• ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті

Жаңадан құрылған комитет мемлекеттік күзет саласында еліміздегі 19 мемлекеттік мекемеге уәкілетті орган болып бекітілді. Олардың қатарында: ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінiң Дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы; ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінiң Үкiметтiк мекемелердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы және т.б. мекемелер бар.

Айта кетейік, ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетін құру туралы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу