Ішкі істер министрлігінің өкілеттілігі жаңарды

211

ҚР Үкіметі 2025 жылғы 10 сәуірдегі қаулысымен ҚР Ішкі істер министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізді.  

Ішкі істер министрлігінің өкілеттілігі жаңарды Фото: polisia.kz

Атап айтқанда, ережеде министрліктің жаңа функциялары көрсетілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ІІМ атап айтқанда:

  • күзет қызметі саласындағы салалық біліктілік шеңберлерін әзірлейді және (немесе) жаңартады;
  • күзет қызметі саласындағы кәсіптік стандартты әзірлейді және жаңартады;
  • кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша күзет қызметі саласындағы кәсіптік стандартты бекітеді;
  • кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;
  • кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
  • кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
  • облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті тануға сұранысын қалыптастырады;
  • кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
  • ішкі істер органдарының қызметкерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу тәртібін, кезеңдерін және мерзімдерін бекітеді;
  • Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы қызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістерін бекітеді;
  • азаматтарға құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік препараттарды босату құқығы берілген лауазымдар мен ұйымдардың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тізбесін келіседі;
  • Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының петицияларын өз құзыреті шегінде қарайды;
  • Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның басшысымен бірлесіп психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізудің тәртібі мен әдістерін әзірлейді және бекітеді; 
  • құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін ішкі істер органдарының Астана және Алматы қалаларында орналасқан медициналық ұйымдарына жіберу тәртібін белгілейді.

ІІМ басшысының өкілеттіктері туралы тармақша жаңа редакцияда жазылды:

  • Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті бастығын лауазымға тағайындайды.

Сондай-ақ, ІІМ:

  • лауазымдар номенклатурасын, ішкі істер органдарындағы лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді.

Қаулы 2025 жылғы 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу