Құжатқа бірқатар түзету енгізілді. Бұл туралы депутат Сырым Ертаев: "Заң жобасына кәсіпкерлерге ақпараттық құралдарды электронды нысанда ғана емес, қағаз жеткізгіште де беру тәсілін таңдау құқығын пайдалануға мүмкіндік беруге, реттеуші мемлекеттік орган кәсіпкерлік субъектілері үшін міндетті талап қамтылатын нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ өзге де құжаттардың тиімділігін бағалау тұрғысынан дер кезінде талдау жүргізбесе, міндетті түрде олардың күшін жоюға немесе қайта қарауға, кәсіпкерлік қызметті реттеу саласындағы пилоттық жобаны жүргізу шарттары заңнамалық деңгейде бекітілген жағдайда ғана және оған жеке кәсіпкерлік субъектілері ерікті түрде қатысқан кезде ғана осы жобаны жүргізуді көздейтін норманы белгілеуге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді", – деді.
Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігінен халықтың көші-қон саласындағы жекелеген функциялары мен өкілеттігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағына, ал қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беріледі.
Қанат Махамбет