Ішкі істер органдары АҚШ-та жоғалған студенттің Facebook-тегі акаунтын тексеруде

1906

Ішкі істер органдары АҚШ-та жоғалған студенттің Facebook-тегі акаунтын тексеруде

ҚР ІІМ АҚШ-та із-түссіз жоғалып кеткен студенттің атынан жазылған жазбаны тексеруді қолға алды.

ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың сөзінше, ведомство қазір бұл постты Ержан Еліковтің Facebook-те өзі жазғанын немесе өзге адамның орналастырғанын тексеруде. ІІМ АҚШ-та студентті іздестіру бойынша Интерполмен бірлесе жұмыс істеп жатыр.

29 қыркүйекте болашақ бағдарламасы бойынша шетелге оқуға кеткен Ержан Еліковті іздеуге жәрдемдесу туралы өтініші келіп түскен. Студент ата-анасымен байланысты 2011 жылдың наурыз айында үзген. Ол уақыттан бері студенттің жоғалғаны туралы Қазақстан полициясына ешкім арыз бермеген. Қазіргі кезде қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы бақылауға алынды", - деді Сәдубаев.

Студенттің атынан жазылған пост Ержан Еліковтің парақшасында 13 қазанға қараған түні жарияланған. Қазіргі кезде жазбаның жойылғанын айта кетейік.

Tengrinews.kz

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу