Мұндай курстар барлық академиялар мен екі орталықта жүзеге асырылады және екі айға созылады, деп жазады inbusiness.kz.
Қабылдау комиссиясы үміткерлерді үш бағыт бойынша қабылдайды: әр үміткерді жан-жақты зерделеу, физикалық дайындық, әңгімелесу.
Қазір осы курстардан 3200 тыңдаушы өтті, жыл соңына дейін 5000-ға жуық үміткер оқуды аяқтауы тиіс, деп хабарлады ҚР ІІМ Кадр саясаты департаменті Ведомстволық білім беруді ұйымдастыру басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ләззат Аманова.
Ал жоғары оқу орнына түскен курсанттар саны анағұрлым аз, мысалы, биыл 800-ге жуық курсант оқуға қабылданды. Яғни осыдан қазір құқық қорғаушы органдарында қызмет етіп жүргендердің дені академия түлектері емес, даярлау курстарынан өткен азаматтар болып отыр.
Жалпы ІІМ-ге қарасты 5 жоғары оқу орны, 2 оқу орталығы бар. Білім беру мекемелері Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе қалаларында орналасқан. Алайда бүгінге дейін курсанттарға бакалавриат бағдарламасы бір ғана ЖОО-да оқытылған.
"2019 жылдан бастап бакалавриат бағдарламасын тек Қарағанды академиясы жүзеге асыратын, ал Қостанай мен Алматы академияларында жоғары білім беру тоқтатылған болатын. Биылдан бастап бакалавриат бағдарламасы бойынша 3 академияға да курсанттар қабылданды", — деп мәлімдеді Ләззат Аманова.
Академияларда, сонымен қатар, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау жүзеге асырылады.
"Қазір бізде 80-нен аса магистрант және 60-қа жуық докторанттар білім алып жатыр. Биыл PhD доктор дәрежесін алу үшін 8 кандидаттық диссертация, оның 3-еуі шетелде қорғалды. Жақын арада тағы 4 ғылыми диссертация қорғалады", — деп түсіндірді спикер.
Жалпы қазір ішкі істер органдарының штат саны 70 мыңға жуық, яғни әр 100 мың қазақстандыққа 372 құқық қорғау қызметкері келеді.