Ішкі істер органдарының 780 қызметкері қызмет бабында қаза тапқан

844

Орал қаласында Ұлттық гвардия мен полицияның 15 қызметкері "Қазіргі заман каһарманы" медалімен марапатталды.

Ішкі істер органдарының 780 қызметкері қызмет бабында қаза тапқан

Бұл күндері Батыс Қазақстан облысында ерлігімен ерекшеленген полицейлерге арналған акция өтуде. Тәуелсіздік жылдарында ішкі істер органдарының 780 қызметкері қызмет бабында қаза тапқан. Мыңнан аса полицей қаһармандығы үшін марапатталса, олардың 130-ына марапат өмірден өткен соң беріліпті, деп хабарлайды 24.kz. 

Астаналық жол-патрульдік инспекторы Азамат Балтабаев бір жылда үш рет батырлығымен көзге түскен екен. Өрт кезінде ол басын қатерге тігіп, көп қабатты ғимараттан мүгедек жан мен кейуананы алып шыққан. Аға лейтенант 9-қабаттағы терезенің алдында отырған 6 жасар баланы да аман алып қалған. Ал өткен жылы ол көпірден суға секірген жігітті құтқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу