Ішкі істер органдарының болашақ қызметкерлері IT-сауаттылық бойынша дәріс тыңдайды

1104

Ішкі істер министрлігі білім саласына реформа жүргізіп, ішкі істер органдары қызметкерлерін даярлайтын 12 оқу орнының 6-ын қысқартты. Бұл туралы мәжілістегі үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ішкі істер органдарының болашақ қызметкерлері IT-сауаттылық бойынша дәріс тыңдайды

"Бүгінде полиция қызметкерлерін 3 академия, Ақтөбе институты және Шымкент пен Павлодардағы оқу орталықтары даярлайды. Қарағандыда тергеушілер мен криминалистер, Алматыда жедел және техникалық қызмет мамандары білім алады. Қостанайда болашақ қылмыстық-атқару жүйесі маманының, Ақтөбе мен Павлодарда әкімшілік полицияның, Шымкентте  мамандандырылған күзет қызметкерінің шеберлігі шыңдалады", – деді министр. 

Ерлан Тұрғымбаев оқу бағдарламасы жаңарып, арнайы курстар енгізілгенін мәлімдеді. 

"Алматы академиясында басшылық құрамды даярлайтын №1 және №2 факультеттер ашылды. Ол жерде басқару, шешендік өнер, IT-сауаттылық бойынша дәріс оқылады. Заң факульті бар рейтингі жоғары 33 оқу орнымен  меморандум жасалды. Оны бітірген үміткерлер 3 және 6 айлық курстан өтеді", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу