"Бүгінде ІІМ көші-қон заңнамасы, жол қозғалысы, қару-жарақ айналымы, архивтен анықтамалар беру саласында 44 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мұндағы цифрландыру деңгейі – 88%. Оның ішінде азаматтың жеке басын куәлендыратын құжат, жүргізуші куәлігін алу, көлікті тіркеу, қаруды заңдастыру және өзге де лицензиялар бар", – деді Сабыржан Сейітжанов.
Жылына мұндай құжатты Ішкі істер органдарынан 7-8 млн адам алады екен. Оның басым бөлігі Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беріледі.
"Азаматтар цифрландырудың арқасында аталған құжаттарды тікелей ішкі істер органдарына бармай-ақ ХҚКО-лар арқылы алады. Осылайша 10 айда көрсетілген 7 млн қызметтің 6,5 млн-ы ХҚКО-лар арқылы жүзеге асырылды. Ал 340 мыңы электрондық үкімет порталы арқылы алынды. Ең көп сұранысқа ие қызмет түрлері: тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеу (жыл басынан бері 1 млн 569 мың қызмет көрсетілді), төлқұжат пен жеке куәлік беру (1 млн 900 мың қызмет көрсетілді), жүргізуші куәлігін беру (828 мың қызмет көрсетілді). Бұл азаматтарға қызмет алуды жеңілдету мен халықтың құқық қорғау органдарына сенімін арттыру үшін жасалуда", – деді Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары.
Құралай Құдайберген