Ішкі істер органдарының есебінде тұратын 95,3 мың адам тексерілді

20-30 қараша аралығында елімізде ішкі істер органдары "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.  

Ішкі істер органдарының есебінде тұратын 95,3 мың адам тексерілді Фото: egemen.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алмасхан Садыханов мәлім етті.

"Іс-шара барысында ішкі істер органдарының есебінде тұратын 95,3 мың адам тексерілді. Бұдан басқа отбасы-тұрмыстық қатынас саласында 4 489 қорғау ұйғарымы шығарылды және 1 077 ерекше талап белгіленді. Сонымен қатар ІІМ құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік"қағидатын және жаң үстемдігін қамтамасыз ету бағытында өткізілген
іс шаралармен шектелмей, мақсатты жұмыстарды жалғастырады", – деді спикер.

Бұдан басқа, 181,5 мың әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша – 92,5 мың, жол қауіпсіздігі бойынша-88,9 мың құық бұзушылық тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу