Ішкі істер органдарының қанша қызметкері сыбайлас жемқорлыққа жол берді?

634

2022 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысына сәйкес ішкі істер органдарының 123 қызметкері қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады. 

Ішкі істер органдарының қанша қызметкері сыбайлас жемқорлыққа жол берді? Фото: martebe.kz

Бұл былтырғыға қарағанда 12,1%-ға аз. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде мұндай құқық бұзушылықтар жасағандардың саны 140 болды (-14,6%), деп жазады inbusiness.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған қызметкерлердің жартысына жуығы пара алғаны үшін ұсталған (61 қызметкер, +7%).

Алаяқтық дерегі – 33,3% (41 адам). 8 адам лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланса, 7 адам пара беру, 2 адам билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану, парақорлыққа делдал болу, сондай-ақ қызметтегі әрекетсіздік бойынша ұсталды.

Ақпаратқа сәйкес, өңірлік бөліністе Алматы қаласы (15 адам) мен Түркістан облысының (15 адам) ішкі істер органдары қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа жиі жол берген. Антилидерлер бестігінде Солтүстік Қазақстан (14 адам), Ақтөбе (11 адам) және Қарағанды (10 адам) облыстары бар.

Ішкі істер органдарындағы жемқорлар еліміздегі 20 өңірдің ішінде 17-сінде кездесті.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу