Айтуынша, 33 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері тәулік бойы қызмет атқарып жатыр.
"Елдегі қоғамдық ахуал тұрақты. Қандай да бір өрескел бұзушылықтар тіркелген жоқ. Полицияның жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камераларын пайдалана отырып, көшелер мен дауыс беру орындарын бақылау жалғасуда. Азаматтардың немесе дауыс беру комиссияларының кез келген өтініш-шағымдарына ішкі істер органдары жедел ден қойып, тиісті шаралар қабылдайды", – деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу