Ішкі көші-қон: қазақстандықтар қай өңірлерге жиі барады?

532

Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Ішкі көші-қон: қазақстандықтар қай өңірлерге жиі барады? Фото: inbusiness.kz

Ішкі көші-қон көлемі 2009 жылы 2,3 млн адамнан 2021 жылы 2,6 млн адамға дейін ұлғайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстандықтар үшін ең тартымды жерлер Алматы қаласы (357,9 мың келуші), Алматы облысы (286,1 мың адам) және Астана қаласы (283,5 мың адам) болды", - делінген хабарламада.

Қызылорда және Атырау облыстарына халықтың ең аз саны – тиісінше 72,9 мың және 72,5 мың адам көшіп келген.

"Бұл ретте Маңғыстау облысының тұрғындары (71,8 мың адам) ең аз тұрғылықты жерінен кетіп қалды. Ал Алматы облысы қоныс аударғандар саны бойынша көш бастап тұр. Бұл өңірден 307,8 мың адам басқа аймақтарға көшті", - деп мәлім етті бюрода.

Еске сала кетейік, осыған дейін қанша қазақстандықтың некеде тұрғаны немесе ажырасқаны туралы хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу