Ішкі нарықта теңгерімсіздік орнауы мүмкін

1002

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлем бойынша азық-түліктің қымбаттауы соңғы 10 жылда рекордтық көрсеткішке жеткенін жариялады. Бұл туралы үкімет отырысында мәлімделді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ішкі нарықта теңгерімсіздік орнауы мүмкін Фото: inbusiness.kz

"Азық-түлік бағасының өсуі бүкіл әлемде байқалады. Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы құрылымының дерегіне сәйкес, мамыр айындағы баға өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-ға өскен. Бұл соңғы 10 жылдың рекордтық көрсеткіші болып отыр", – деді Бақыт Сұлтанов.

Министрдің мәлімдеуінше, қымбатшылық көршілес елдерді де қыспаққа алып жатыр.

"Өкінішке қарай, әлемдік нарық бізге де әсер етті. Бізде ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігіне әкелетін қосымша проблемалар байқалып жатыр", – деді Бақыт Сұлтанов. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу