Ішкі нарықтағы ұсыныс пен сұранысты ұлғайтуға 500 млрд теңге бөлінеді

1507

Қазақстан президенті биылғы жолдауында ауыл шаруашылығы министрлігіне маңызды міндет жүктеп, үкіметке нақты тапсырма берді. 

Ішкі нарықтағы ұсыныс пен сұранысты ұлғайтуға 500 млрд теңге бөлінеді

"Бізде шикізат бар, қолданатын, тұтынатын өнім жоқ. Барлығын сатып алып, валютамен төлеп отырмыз. Ауыл шаруашылығы министрлігі өнім өндіру саясатына басымдық беруі керек. Ішкі нарықтың тыныс ашу қажет. 
Үкіметке алдағы 3 жылда ішкі нарықтағы ұсыныс пен сұранысты ұлғайтуға 500 млрд теңге қарастыруды тапсырамын. Ұлттық банк пен үкімет бұл ақшаны қатаң қадағалауға тиіс", – деді мемлекет басшы.
Президент елімізге шет мемлекеттерден тікелей инвестиция тарту қажеттігіне де тоқталды. 
"Бұл үшін 300 млрд теңге бөлу керек. Бұл ақшаны қайдан алу қажет екенін айтамын. Қазақстанға трансұлттық компания тарту маңызды мәселе", – деді президент. 
Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу