Ішкі рейстерді орындайтын әуе компаниялары қосымша құн салығынан босатылуы мүмкін

1062

Осыған ұқсас шара Ресейде қабылданған.

Ішкі рейстерді орындайтын әуе компаниялары қосымша құн салығынан босатылуы мүмкін

Еліміздің ішінде жолаушылар тасымалдайтын әуе компанияларын 2021 жылдың соңына дейін қосымша құн салығынан босату керек, деп мәлімдеді "Самұрық-Қазына" АҚ логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры Қанат Алпысбаев.

"Біз үкіметтен ішкі әуе тасымалдаушыларына 2021 жылдың соңына дейін нөлдік қосымша құн салығын беруді сұрадық. Жолаушылар санын арттыру үшін осыған ұқсас шара Ресей Федерациясында қабылданды", – деді Қанат Алпысбаев.

Сонымен қатар ол бұл ұсынысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесе отырып экономиканы модернизациялау бойынша комиссияға айтқанын жеткізді.

"2020 жылдың соңына дейін резидент еместерді салықтан, қосымша құн салығынан босату туралы ұсыныс айтқанбыз.  Себебі техникалық қызмет көрсету, ақпараттарды өңдеу бойынша барлық қызметтер шетелде көрсетілетіндіктен үкіметтен аталған салықтан босату мәселесін қарастыруды сұрадық", – деді "Самұрық-Қазына" АҚ логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу