Ішкі саясат бөлімінің басшысы он бес тәулікке қамалды

2267

Жаңаарқа ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы көлігін мас күйінде басқарып, жазалы болған.  

Ішкі саясат бөлімінің басшысы он бес тәулікке қамалды

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімі басшысы 31 қаңтарда көлігін ішімдік ішіп жүргізгені үшін полицияның құрығына іліккен. Наркологиялық диспансерге алып барғанда, шенеуніктің ішімдік ішкені расталған. Кешікпей оның ісін сотқа жіберген. Жаңаарқа аудандық сотының судьясы Бота Каримова "Тәртіп  бұзған азамат 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылсын және он бес тәулікке қамауға алынсын", – деген қаулы шығарған.

Жаңаарқа ауданы әкімінің баспасөз қызметі бұған қатысты нақты ақпарат беруден бас тартты. Тек "ішіп жүріп" ұсталған шенеуніктің өз еркімен жұмыстан шығып кеткенін мәлімдеді.

Айта кету керек,осыдан бір жыл бұрын Жаңаарқа ауданы әкімінің  бірінші орынбасары парамен ұсталып істі болған еді.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу