ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков пандемияға байланысты ішкі туризм нысандарына сұраныс арта бастағанын айтады.
"Биылғы жылы ішкі туризмге сұраныстың арта түскенін байқап отырмыз. Жалпы бағыттар өзгермейді. Алакөл, Каспий, Балқаш, Алматы тау кластері мен Баянауыл, Имантау-Шалқар курорттық аймақтарына қызығушылық таныта бастағандар көп. Сонымен қатар Түркістан мен Тараз қалаларына тарихи-мәдени саяхатқа шыққысы келетіндердің саны артты. Ұлытаудың да потенциалы артып келеді" – дейді Дастан Рыспеков.
Фото: tourister.ru
Бұған қарамастан сектор 70% шығынға ұшырауы мүмкін.
"Біздің есептеуіміз бойынша еліміз бен шетелге саяхат жасауға шектеу қойылғанының нәтижесінде, биылғы жылы туризм саласы 70-80% шығын шегеді", – деді Дастан Рыспеков.
Құралай Құдайберген