Ішкі валюта нарығындағы ахуал қандай

539

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі есеп берді.

Ішкі валюта нарығындағы ахуал қандай

Ұлттық валюта бағамы жыл басынан бері бір АҚШ доллары үшін 384,2 теңгеден 379,43 теңгеге дейін нығайды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Банк ішкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақтылығын жеткізді және бұл әдеттегідей Ұлттық банктің қатысуынсыз сұраныс пен ұсыныстың нарықтық факторларының негізінде қалыптасқан.

"Бағам белгілеудің іргелі драйверлері оңтайлы қалыптасуда. Мәселен, жыл басынан бастап мұнай бағасы бір баррель үшін $54-тен $70-ке дейін өсті. Мұнай бағасының өсуі, сондай-ақ шетелдік портфельдік инвестициялардың әкелінуі аясында жыл басынан бері Ресей рублінің нығаюы байқалады", – делінген бас банк хабарламасында.

Алайда, банк мәлеметінше, АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда қақтығысының байланысты барлық дамушы елдердің валюталарына қысым түсіп отыр.

"Сәуірдің соңында жалпы халықаралық резервтер 86,4 млрд АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордың активтері  жылдың басынан бері 58 млрд АҚШ долларынан 59,3 млрд АҚШ долларына дейін өсті", – делінген банк таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу