Ішкі валюта нарығындағы жағдайға геосаяси шиеленіс әсер етті – Ұлттық банк

928

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков ішкі валюта нарығындағы жағдай туралы айтып берді.

Ішкі валюта нарығындағы жағдайға геосаяси шиеленіс әсер етті – Ұлттық банк

Шілденің соңында теңгенің биржалық бағамы жыл басынан бері 4,3%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 346,7 теңге болды, деп хабарлайды abctv.kz.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтің сөзінше, мамыр-шілде аралығында теңгенің әлсіреуіне ең алдымен АҚШ долларының дамушы елдердің валюталарына қатысты бағамының нығаюы әсер етті. Сондай-ақ, АҚШ федералды қор жүйесінің пайыздық мөлшерлемені көтеруімен байланысты. Аталған жағдайдан соң инвесторлар дамушы нарықтардан капиталдарын әкете бастады.

"Дамушы нарықтардағы жалпы үрдіс Қазақстанға да әсер етпей қоймады. Бейрезиденттердегі Ұлттық банк ноттарының көлемі наурыздағы ең жоғарғы 454 млрд теңге деңгейінен шілдеде 158,5 млрд теңгеге дейін төмендеді", – деді Олег Смоляков.

Оның айтуынша, соңғы күндері орын алған ішкі валюта нарығындағы ахуал геосаяси шиеленіс аясында негізгі сауда әріптес елдер валюталарының айтарлықтай құбылмалығымен түсіндіріледі. 13 тамызда теңгенің бағамы бір АҚШ доллары үшін 363,22 теңге болды.

"Ұлттық банк валюта нарығындағы ахуалға тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Қажет болған жағдайда теңге бағамының қысқа мерзімді ауытқуларын реттеуге бағытталған шараларды жүзеге асыруға дайын", – деді ол.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу