Иштван Боскай турнирінде Қазақстан 3 алтын жеңіп алды

951

Сондай-ақ, 1 күміс және 1 қола медаль қоржында.

Иштван Боскай турнирінде Қазақстан 3 алтын жеңіп алды

Венгрияның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Боскайды еске алуға арналған 63-ші халықаралық турнир аяқталды. Қазақстан құрамасы аталған сында 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан құрамасы сапынан 52 келідегі Сәкен Бибосынов, 60 келідегі Серік Теміржанов және 75 келідегі Тұрсынбай Құлахмет жеңімпаз атанды. 

56 келіде жұдырықтасқан Оразбек Асылқұлов күміс жүлдегер атанса, 64 келідегі Сабыржан Бекбергенов турнирдің қола медаліне қол жеткізді.

Турнир қорытындысы бойынша, үздік боксшы атағын Қазақстан құрамасының мүшесі Серік Теміржанов иеленді. 

Еске сала кетейік, бұл Қазақстан боксшыларының биылғы маусымдағы алғашқы ресми жарысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу