Іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен әлеуметтік дүкен ашылды

1093

Іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен әлеуметтік дүкен ашылды

Алматыда тағы бір "Бәре де рақымет үшін" дүкені ашылды, деп хабарлайды abctv.kz. 

Алматы облысы Ақсу ауданының Ілияс Жансүгіров ауылында Іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен "Бәрі де рақымет үшін" дүкені ашылды.

Бұл облыстағы үшінші әлеуметтік дүкен болып отыр.

Ақсу ауданындағы Іскер әйелдер кеңесінің жетекшісі Бағлан Нарышеваның айтуынша, дүкен ашылғалы 50 отбасына көмек көрсетіліпті.

"Дүкенге киім, аяқкиім, мүгедек арбасы, шаруашылық заттары, азық-түлік жинадық. Екі адамға мүгедек арбасы берілді. Өзге де заттар таратылды. Қазір фермерлік шаруа қожалықтарын, бизнес өкілдері мен қызмет көрсету саласының мамандарын көмек көрсетуе шақырып жатырмыз",- дейді Бағлан Нарышева.

Жақын арада, Іскер әйелдер кеңесі Қапшағай мен Қаратал ауданында дәл осындай дүкен ашуды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу