"Іскер" сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

695

Астанада ҚР Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алу байқауы және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-байқауының марапаттау рәсімі аясында "Iскер", "Бизнес кемелділік", "АруАна" бизнесте тану" сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталды, деп жазады inbusiness.kz "Атамекен" ҚР ҰҚП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Іскер" сыйлығының жеңімпаздары марапатталды Фото: atameken.kz

Бұдан бөлек "Qazaqstan Project Management Awards – 2022", сапа саласында ТМД сыйлығының номинанттарын марапаттау рәсімі де өтті.

"Іскер" сыйлығы" Мемлекет басшысының "Алтын сапа" сыйлығын алуға үміткер әрі "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-байқауына қатысқан, өз саласында үздік деп танылған кәсіпорынға беріледі.

Биыл "Іскер" арнайы сыйлығын "OSS Kazakhstan" ЖШС (мұнай өнеркәсібі жабдықтарын өндіру және жөндеу), "Med365" ЖШС (жасанды интеллекті қолдана отырып, медициналық тексерудің автомат жүйесін өндіру), "Компания Алтын-Қазақ" ЖШС (ет және ет өнімдерін өндіру), "Lanzhou Company" ЖШС (мейрамхана желісі және Lanzhou company фастфуд қызметі), "Хамит" ӘКК (балық және балық өнімдерін өндіру), "Bigness" ЖШС (резеңке техникалық өнім өндірісі), "Izgi is Qordai" ЖШС (жиһаз және орындықтар өндірісі), "Rakhim baby" ЖК (нәрестелерге арналған киім тігу), "Терра Вита" ЖШС "TV" сауда маркасы (медициналық жиһаз өндірісі) және "Балзия" ЖШС (кондитерлік өнімдер өндірісі) жеңіп алды. 

Ал "Бизнес Кемелділік" сыйлығын "БанкЦентрКредит" АҚ және "АгромашхолдингKZ" АҚ иеленді. 

"Аруана" бизнесте тану" сыйлығымен 4 кәсіпкер әйел марапатталды. Бас жүлдені БҚО Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында "Бір ауыл – бір өнім" пилоттық жобасын іске асырып жүрген Ляна Тұрсынова жеңіп алды. Сонымен қатар бұл марапатқа Ақтөбе және Қарағанды облыстарының өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің төрайымдары Күлпаршын Айдарханова, Гүлия Жәңгірова және Жамбыл облысынан Жұмагүл Әлмұхан ие болды. 

"Бүгін біз "Аруана" номинациясын жеңіп алдық. Бұл сыйлық – біздің кәсіпорнымыз үшін үлкен мақтаныш. Бүгінгі жеңіс – үлкен бір даму кезеңі. Мен ғана емес, менің командам да қуанып жатыр. Шағын кәсіпорынға мұндай атақты алу – үлкен стимул", - деп атап өтті  Қаратаудан келген  Жұмагүл Әлмұхан.

"Qazaqstan Project Management Awards – 2022 ұлттық байқауының жеңімпаздары болып "Алматы көпір конструкциялары зауыты" ЖШС,  "Стадболт Мануфактуринг" ЖШС танылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу