ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің 2023 жылдың қаңтар айындағы іскерлік белсенділік индексіне қатысты түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz.
"Теріс аймақта сегіз ай бойы болған іскерлік белсенділік көрсеткіші 2023 жылғы қаңтарда өсу аймағына өту арқылы жақсарып, 50,7 болды (2022 жылғы желтоқсанда – 49,4)", – дейді ҰБ өкілі.
Өндіріс пен қызмет көрсету секторында іскерлік белсенділік арта түсті. Мұнда индекстер тиісінше 52,1-ге және 51,3-ке дейін көтерілді (2022 жылғы желтоқсанда – 49,7 және 50,7).
Құрылыс пен кен өндіру өнеркәсібінде индекс 50 белгісінен төмен қалыптасты, дегенмен, құрылыста көрсеткіш 48,6-ға дейін көтерілді (желтоқсанда – 47,3).
Кен өндіру өнеркәсібінде жаңа өнім, жаңа тапсырыстар көлемі, жұмыспен қамту деңгейі төмендеп, жеткізу мерзімі ұзарып кеткендіктен іскерлік белсенділік 45,9-ға дейін (желтоқсанда – 47,2) түсті.
"Бизнес-ахуал индексі де жақсарды. Көрсеткіш барлық секторда ұлғайды. Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, бизнес жүргізудің қазіргі жай-күйі мейілінше қолайлы бола бастады және болашақ жағдайларға қатысты күтулер де айтарлықтай жақсара түсті.
Сөйтіп, бүгінгі және болашақ бизнес-жағдайлардың орташа бағасын көрсететін бизнес-ахуал индексі (2022 жылғы желтоқсандағы 2,7-ден) 11,9-ға дейін едәуір көтерілді", – деп хабарлады Рүстем Оразалин.