Ислам Әбішев мерзімінен бұрын босатылды

1684

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішев Нұр-Сұлтан қалалық сотының апелляциялық алқасының шешімімен мерзімімен бұрын босатылды. 

Ислам Әбішев мерзімінен бұрын босатылды

Бұл ақпаратты inbusiness.kz тілшісіне Әбішевтың бұрынғы адвокаты Абзал Құспан растады.

"Ислам Әбішевтың өзіне 2020 жылы үкім шыққан. Жалпы 2019 жылдан наурызынан бері қамауға алынған еді. Сот оны бес жыл мерзімге қоныс колониясына соттаған. Тергеу изояторында отырған адамның бір күні жалпы режимдегі колонияның бір күнімен бірдей, ал қоныс колониясына сотталған адамның бір күні екі күн болып есепке алынады. Сол себепті Ислам Әбішев жазасының жартысын өтеген болып есептеледі", дейді ол.

Абзал Құспан Ислам Әбішевтың соттың соңына дейін өзіне тағылған айыппен келіспегенін еске салды. 

"Осы кезге дейін аппеляция бәрін қосқанда үш сот болды. Бірақ мерзімінен бұрын Әбішевты босатудан бас тартылып келді. Ал соңғы 6 айда бұл кісінің денсаулығы шын мәнінде қатты нашарлап кетті. Қазір ол кісі екіжақты пневмониямен ауырып жатыр. Колонияда демала алмай құлап қалған. Бүгін аппелциялық алқа Әбішевты мерзімінен бұрын босату туралы шешім шығарды. Ол үшін өте ризамыз. Шешім қабылданған сәттен бастап автоматты түрде күшіне енеді. Жаңа ғана телефонмен сөйлестім. Ол кісі "емделіп алайын, шығам десем де дәрігерлер жібермейді" деп жатыр. Бірақ қазіргі сәттен бастап ол кісі бос болып есептеледі", деп түйді Абзал Құспан.

Еске сала кетсек 2020 жылы 18 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Ислам Әбішев 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сотта оған "Қазақ күресі" дүниежүзілік федерациясы" халықаралық қоғамдық бірлестігінің бұрынғы вице-президенті Серік Түкиевпен бірге 60 млн теңге сомасында пара алуға оқталды деген айып тағылған.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу