Ислам Әбішевтің үйін түн ортасында тінтіген
12 Қыркүйек 2019 16:25 1072

Ұлттық бюро түн ортасында қамауда отырған су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішевтың туыстарының үйіне тінту жүргізген. Шенеуніктің туыстары бұл әрекетке наразылық білдіріп отыр. Айтуларынша, шиеттей балалардың ұйықтап жатқандығына қарамастан, үйдің қуыс-қуысын әбден ақтарған. Соттың қаулысы бойынша, ол жерлерде ірі көлемде ақша және алтын болуы мүмкін екен. Бірақ, ұлттық бюро өкілдері түк таппаған. Осы уақытқа дейін мұндай тінту жүргізілмеген.