Ислам банкі 8 су құбырын салуға жәрдемдеспек

778

Ислам банкі 8 су құбырын салуға жәрдемдеспек

Ислам даму банкінің өкілдері үлкен миссиямен Қазақстанға келе жатыр, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.

600 мың гектарда ирригация мен кәрізді қалпына келтіру бөліміндегі агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында, ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитеті қаржы көзін іздестіру жұмысын жүргізіп жатыр.

Бірінші кезеңде екі халықаралық банк – Ислам даму банкі мен Еуропалық даму банкінен қаржы тарту жоспарланып отыр. Осы банктердің есебінен Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы 135 мың га алқап қалпына келтіріледі және Оңтүстік Қазақстан облысында 101 мың га алқаптың жай-күйі жақсартылады.

17-23 сәуір аралығында елімізге Ислам даму банкінің комиссиясы келеді. Олар ирригация мен кәріз бойынша бірінші қарыздың пысықталуын аяқтауға, қол қояр алдында құжаттарды соңына дейін жеткізуге тиіс.

Әрі қарай Ислам даму банкінің несиесі есебінен Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 8 топтық су құбырдың құрылысын, сондай-ақ Қызылорда қаласының арық суландыру жүйесін аяқтайды.

Жобаны орындау аясында су көздеріне қосу, 200 мыңға жуық адамды сапасы жоғары ауыз сумен 24 сағат бойы қамтамасыз ету, 103 елдімекеннің сумен жабдықталуын жақсарту көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу