Ислам Бозбаев Тбилисидегі Grand Slam турнирін жеңіспен бастады

728

Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан Grand Slam турнирінің соңғы жарыс күні жалғасуда, деп жазады inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Ислам Бозбаев Тбилисидегі Grand Slam турнирін жеңіспен бастады

90 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ислам Бозбаев бірінші кездесуін сенімді жеңіспен аяқтады. Ол украиналық Станислав Гунченконмен кездесіп, "иппон" әдісімен жеңіске жетті. Бозбаевтың келесі қарсыласы – канадалық Зачари Бурт. 

Бұған дейін татамиге шыққан Ғалымжан Қырықбай (+100 келі) түркиялық қарсыласына жол берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу