Ислам даму банкінің Қазақстандағы өкілі болып тағайындалды

703

Ислам даму банкінің Қазақстандағы өкілі болып тағайындалды

"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Ислам даму банкі басқару кеңесінің Қазақстандағы өкілі болып тағайындалды.

ҚР Үкіметінің 2017 жылдың 24 наурызындағы Қаулысымен осындай шешім шығарылды.   Ислам даму банкі осы қаржы ұйымына мүше мемлекеттер мен мұсылман елдеріне шариғат негізінде қаржылық қолдау көрсетіп, экономикасына қаржы салушы банк. Банктің қазіргі таңда 57 мүшесі бар.  Қазақстан 1996 жылдан бері осы банктің мүшесі. Бүгінде банк еліміздің қаржы мен банк саласындағы сенімді әріптестерінің бірі. Бүгінге дейін Қазақстан экономикасына 1,3 млрд доллар салған Ислам даму банкі 2020 жылға дейін тағы 300 млн доллар қаражат құюды көздеп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу