Ислам қаржы капиталы нарығының ортақ стандарттары әзірленеді

890

Әлем бойынша ортақ стандарттарды ойластыратын жұмыс тобында АХҚО өкілі бар.

Ислам қаржы капиталы нарығының ортақ стандарттары әзірленеді

Ислам қаржы капиталы саласында инвесторлардың құқығын қорғау, сондай-ақ исламдық депозиттердің кепілдігі туралы құжат әзірленуде, деп хабарлайды Atameken Business.

Әлем бойынша ортақ стандарттарды ойластыратын жұмыс тобында АХҚО өкілі бар. Осы саладағы бас маман Белло Лавал Данбаттаның айтуынша, талаптар алдағы 2 айдың ішінде айқындалуға тиіс. Онда бүкіл ислам қаржысы саласына сәйкес банкинг, сақтандыру, қаржы капиталын қадағалау шарттары белгіленбек.

 "Қазақстан үкіметінің бізге жасаған барлық жағдайы үшін алғыс айтамыз. Оның ішінде инфрақұрылым, исламдық қаржыландырудағы банк секторы және сақтандыру саласы бар. Қазақстанда 18 млн адам болса да, мұнда дәстүрліі банк секторына басымдық берілген, ал исламдық банк нарығы 1 пайызды ғана құрайды. Мақсатымыз осы саланы әртараптандыру",– дейді Ислам қаржыландыру қызметі кеңесінің бас хатшысы Белло Лавал Данбатта.

Белло Лавалдың айтуынша, исламдық қаржыландыру тек мұсылмандарға арналмаған. Мәселен, Ұлыбритания секілді дамыған елдерде бұл нарықтың экономикалық тиімділігі белгілі. Ал Орталық Азияда исламдық қаржы нарығы бүгінде тек Қазақстан мен Ауғанстанда ғана қолға алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу