Ислам Лигасының арнайы өкілі әлемдегі барлық ұлтты бір-бірімен диалог орнатуға шақырды

173

Бүкіл әлемде тепе-теңдікті қалыптастыру маңызды.

Ислам Лигасының арнайы өкілі әлемдегі барлық ұлтты бір-бірімен диалог орнатуға шақырды Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Дүниежүзілік Ислам Лигасының арнайы өкілі, доктор Абдель Азиз бен Ахмад Сархан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XXІІ Хатшылығының отырысында сын-қатерлер заманында диалогтың маңызы зор екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүкіл әлемде әрдайым тепе-теңдікті іздеуіміз керек. Сайып келгенде бұл моральдық тәртіпті орнату. Ондай принциптерді ұстанбасақ, біз дұрыс жолдан тайғанымыз деп айтуға болады. Диалогтың маңызы зор. Бүкіл адамдар бір-бірімен диалогқа келу керек, соның арқасында халықтар жаманшылықтың барлығын еңсеріп, табиғатта да, бүкіл әлемдік жаратылыста да тепе-теңдікке және қауіпсіздікке қол жеткізеді. Адамзат әділ әрі бостандықта болуы тиіс. Бұл – табиғаттың заңдылығы", - деді доктор Абдель Азиз бен Ахмад Сархан.

Спикер адамдар бір-бірінің діни сенім-нанымын жоққа шығармауы керек екенін жеткізді. 

"Олардың моральдық, психологиялық бағыт-бағдары дұрыс болуы тиіс. Егер қандай да бір кедергілер болатын болса, бұл қоғамдағы тұрақтылыққа қауіп келтіреді. Бұлар жолдан тайып кеткендер болып саналады. Әділетсіздік және қараңғылықпен күресуіміз керек", - деді ол.

Ислам Лигасының арнайы өкілінің айтуынша, адамзат кедергілер мен қайшылықтар заманында өмір сүріп отыр.

Доктор Абдель Азиз бен Ахмад Сархан әлемдегі барлық ұлтты бір-бірімен диалог жасап, көзқарас алмасуға шақырды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу