Ислам мемлекеті содырлары жанкешті жасау үшін 150 баланы ұрлап кеткен

1031

Ислам мемлекеті содырлары жанкешті жасау үшін 150 баланы ұрлап кеткен

Ирактың "Заң мемлекеті" саяси блогының мүшесі Нала әл-Хабибидің мәлімдеуінше,  "Ислам мемлекеті" тобының лаңкестері  әскер мен полициядан бірқатар тойтарыс алғаннан кейін өз қатарларына балаларды күштеп тарта бастаған, деп хабарлайды  арабтың "ал-Масдар" басылымына сілтеме жасаған "Интерфакс".

"Ислам мемлекеті" тобы Таль-Афар қаласында  150 баланы ұрлап кетті және "Халифаттың жолбарыстары" деп аталатын топтың құрамына күштеп көндірген", – деп келтіреді  басылым әл-Хабибидің сөзін.

Оның айтуынша, "жарылғыш қойылған көліктер мен жанкешті  белдігін пайдалана отырып бейбіт тұрғындар мен әскери қызметшілерді өлтірту үшін ИМ Таль-Афардағы езидтік отбасылардың және Мосулдағы отбасылардың балаларын ұрлап кеткен".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу