Исландия халқы ЕО-ға кіру келіссөздерін қайта бастауға қарсы шықты

379

RUV телеарнасының мәліметінше, референдумға қатысқандардың 52,8 пайызы келіссөздерді қайта бастауға қарсы дауыс берсе, 47,2 пайызы қолдаған.

Исландия халқы ЕО-ға кіру келіссөздерін қайта бастауға қарсы шықты Фото: BILD

Исландия тұрғындарының басым бөлігі елдің Еуропалық одаққа қосылуы жөніндегі келіссөздерді қайта бастауға қарсы шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD басылымына сілтеме жасап.

Дауыс беру Гренландияға қатысты дау мен АҚШ президенті Дональд Трамптың аралға қатысты мәлімдемелері қызу талқыланып жатқан тұста өтті. ЕО-мен жақындасуды қолдайтындар геосаяси ахуалдың шиеленісуі елдің еуропалық бағытты таңдауына деген қолдауды арттырады деп үміттенген. Алайда көптеген сайлаушы үшін елдің ұлттық егемендігіне қатысты алаңдаушылық шешуші фактор болды.

ЕО-ға қосылуға әсіресе балық шаруашылығы саласының өкілдері белсенді түрде қарсы шықты. Олар Брюссельдің балық аулау квоталары мен кәсіп жүргізу тәртібіне ықпалы күшеюі мүмкін деп қауіптенді. ЕО мүшелігіне қарсы тарап Исландияның қазірдің өзінде Еуропаның бірыңғай нарығы мен Шенген аймағына кіретінін, сонымен қатар елдің дербестігі көбірек сақталып отырғанын алға тартты.

Исландия 2009 жылғы қаржылық дағдарыстан кейін ЕО-ға кіруге өтініш берген. Алайда 2013 жылы келіссөздер тоқтатылып, 2015 жылы бұл үдеріс біржола доғарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу