Исландия мемлекетінің оңтүстік-батысында жанартау атқылап жатыр

574

Бұл соңғы жылдардағы Рейкьянес түбегінде болған жанартау атқылауынан бірнеше есе көп. 

Исландия мемлекетінің оңтүстік-батысында жанартау атқылап жатыр Фото: pixabay.com

Исландияның оңтүстік-батысындағы Рейкьянес түбегінде бірнеше күшті жер сілкінісінен кейін жанартау атқылады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін, Гриндавик балықшылар қаласынан 4 мыңға жуық адам эвакуацияланып, жақын маңдағы "Көгілдір лагуна" геотермалдық курорты жабылған болатын.

"Жанартау атқылауы Гриндавиктен солтүстік-шығысқа қарай 4 шақырым жерде жергілікті уақыт бойынша 22:17-де басталды", - деп хабарлайды Исландияның метеорологиялық басқармасынан.

Сондай-ақ, мамандар сейсмикалық белсенділіктің қалаға қарай жылжып жатқанын қосып өтті.

"Жанартаудағы жарықтың ұзындығы шамамен 3,5 шақырымды құрайды, лава секундына шамамен 100-200 текше метр жылдамдықпен ағып жатыр", - деп қосып өтті департамент қызметкерлері.

Исландия метеорологиялық бюросының өкілдері атап өткендей, бұл соңғы жылдардағы Рейкьянес түбегінде болған жанартау атқылауынан бірнеше есе көп.

Айта кетсек, қазан айының соңынан бері ел астанасы Рейкьявик маңындағы аймақта сейсмикалық белсенділік күшейіп, онда мыңдаған жерасты дүмпуі тіркелген.

"Жағалау күзетінің тікұшағы атқылаудың нақты орны мен көлемін растау үшін аймаққа жіберілді", - деп мәлімдеді Исландия метеорологиялық бюросының өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу