Исландия жанартау атқылап жатыр

146

Тұрғындар эвакуацияланып жатыр. 

Исландия жанартау атқылап жатыр Фото: Риа Новости

Исландияда Гриндавик қаласының маңында Сундхнукур жанартауы оянды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сол себепті жақын жерде орналасқан аудандың тұрғындары эвакуациялануда.

Гриндавик өртке қарсы қызметінің өкілі Эйнар Свен Йонссон жанартау оянған соң ауданда төтенше жағдай режимі жарияланғанын мәлімдеді.

Аудандағы адамдарды эвакуациялау аяқталуға жақын.

Ал Исландия метеорологиялық қызмет өкілі Бенедикт Офейгссонның сөзінше, жанартаудан соң пайда болған саңылаудың ұзақтығы 40 минутта 1,5 шақырымға жетіп, қазіргі уақытта 3,9 шақырымды құрап отыр.

Ал жанартаудан атылып шыққан балқыған отты сұйық зат – лава сағатына 6 шақырым жылдамдықпен атқылап жатқаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу