Жексенбі күні Исландия билігінің эвакуациялау қажеттілігі туралы соңғы шешімінен бірнеше сағат өткен соң, елдің оңтүстік-батысында қуатты жанартау атқылауы басталды. Ол туралы сенбі күні кешке Гриндавик қаласы мен жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарына хабарлама түскен. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Euronews телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Метеорологиялық қызметтердің соңғы мәліметтеріне сәйкес, көшкін (лава) қаланың солтүстік шекарасына 450 метр қашықтықта келді.
Бұрын Гриндавик қаласының айналасында көшкін (лава) ағындарын тоқтатуға арналған қорғаныс бөгеттері салынған. Бірақ жергілікті билік айтқандай, жер асты дүмпулерінің салдарынан олардың бір бөлігі құлады. Қала дүйсенбі күні кешке дейін эвакуацияланып, кем дегенде 3 апта бойы тыйым салынуы керек еді. Қалаға тек уәкілетті қызметкерлер жіберіледі. Белгілі болғандай, атқылау алаңдаушылықты растады.
Ал Исландияның Әділет министрі Гудрун Хафштейнсдоттир биылғы жаз мезгілінде немесе күзде қала қауіпсіз және өмір сүруге жарамды болады деп үміттенді.
Еске сала кетсек, өткен жылдың қараша айында ел астанасы Рейкьявиктен бірнеше шақырым жерде орналасқан Рейкьянес түбегінде жанартау атқылауы елде бірқатар жер сілкіністерін тудырған болатын. Одан кейін Гриндавик тұрғындары эвакуацияланды. Көп ұзамай тұрғындарға қайтып оралуға рұқсат етілгенімен, ғимараттардың көпшілігі зақымданған және көшелер бүлінген.
Сәрсенбі күні опырылып қалған жер ойығын толтыру жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылысшы оған құлап кеткен. Дереу құтқару операциясы басталып, жоғалған адам әлі табылмады. Жұма күні құзырлы органдар операцияны тоқтатуға мәжбүр болды. Себебі, жер жарықтарына кіру құтқарушылар үшін тым қауіпті деп танылды.
Айта кетейік, Исландияда 33 белсенді жанартау бар. Бұл басқа Еуропа елдеріне қарағанда әлдеқайда көп. Соңғы ең үлкен атқылау 2010 жылы Эйяфьядлайёкюдль қаласында орын алды. Ол кезде жанартау үлкен күл бұлттарын шығарып, салдарынан Еуропаның көп бөлігінде бірнеше күн бойы әуе қозғалысы тоқтатылды.