Испандық сарапшылар еліміздің батысындағы жерасты суларын барлауға қатысады

133

Испания үкіметінен грант тарту мүмкіндігін талқыланды.

Испандық сарапшылар еліміздің батысындағы жерасты суларын барлауға қатысады Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жерасты сулары мен пайдалы қазбалар кен орындарын барлау үшін карта жасаумен айналысатын испандық Excalibur Smart Mapping компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тараптар биыл Қазақстанның батысындағы жерасты суы орындарын картаға түсіру және барлау үшін аэроэлектрмагниттік түсірілім жүргізуге ниетті. Министр шетелдік делегациямен жобаны іске асыруды және Испания үкіметінен грант тарту мүмкіндігін талқылады.

"Бүгінгі таңда екі жақтың сарапшылары бұл мәселені пысықтап жатыр. Жан-жақты аэроэлектромагниттік түсірілім жерасты суларының қоры мен олардың аумағын анықтауға мүмкіндік береді", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу