Испандықтардың су тасқынынан кейін көрсетілген көмекке көңілдері толмайды

212

Испанияның оңтүстік-шығысында бұрын-соңды болмаған су тасқынынан қалалар түгел дерлік қирады. 

Испандықтардың су тасқынынан кейін көрсетілген көмекке көңілдері толмайды Фото: Euronews.com

Үйінділерді жергілікті тұрғындар мен еріктілер тазалап жүр. Олардың айтуынша, билік оларды "тағдыр тәлкегіне тастап кетті".

Валенсия тұрғындары кем дегенде 217 адамның өмірін қиған ауқымды су тасқынының салдарымен күресу үшін кәсіби құтқарушылар мен еріктілермен күш біріктіріп жатыр. Елдің оңтүстік-шығысында апаттың болғанына бір апта өтті, бірақ қираған нысандар мен келтірілген шығынның ауқымын ескерсек, аймақтағы жағдай әлі де болса күрделі, ал үкіметтің көмегі жеткіліксіз болып отыр.

Өңірге келген еріктілер медициналық пункттер құрып, азық-түлік үлестірді. 

"Дәрігерлер мен медбикелер де үй-үйді аралап, адамдардың хал-жағдайын сұрайды", – деді Карлос Мойя, ерікті медбике.

DANA класындағы дауыл салдарынан болған су тасқыны Испанияда соңғы онжылдықтардағы ең жойқыны болды. Бір күнде Валенсияда жауын-шашынның жылдық нормасы түсіп, апат әп-сәтте басталып кетті. Адамдар көліктер, үйлер мен гараждарда қамалып қалды... Су тасқыны бүкіл аудандарды қиратты. Теміржол желісінің 90 шақырымы қирап қалды.

Мадрид су тасқынының салдарымен күресу және іздеу жұмыстарын жүргізу үшін армияны жұмылдырды. Сарапшылар Валенсияны қалыпты өмірге қайтару үшін бірнеше ай қажет деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу