Испания 600 мигрант мінген кемені қабылдайтын болды

518

Испания 600 мигрант мінген кемені қабылдайтын болды

Испания 600 мигрант мінген "Аквариус" кемесін елге кіргізетін болды, деп хабарлайды 24.kz.

Шешімді ел үкіметі қабылдады. Яғни Испания гуманитарлық дағдарысты шешуге бағытталған халықаралық міндеттемені орындап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Аквариусты" Италия қабылдамай қойған еді. Италияның жаңа ішкі істер министрі Маттео Сальвинидің айтуынша, билік енді адам контрабандасы мен заңсыз көші-қонға жол бермейді.

Рим Мальтаға мигранттарды қабылдауға ұсыныс тастады, бірақ олар да бас тартты.

"Аквариус" босқындарды құтқарумен айналысатын неміс ұйымына тиесілі. Ресми дерекке сүйенсек, бортта кәмелетке толмаған 123 жасөспірім, 11 бала және 7 екі қабат әйел бар. Мамандар оларды Ливия жағалуында құтқарып қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу